Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бокстан жастар арасында АЧ: Махмуд Сабырхан қарсыласын нокаутпен жеңді

Бокстан жастар арасында АЧ: Махмуд Сабырхан қарсыласын нокаутпен жеңді

Бокстан жастар арасында АЧ: Махмуд Сабырхан қарсыласын нокаутпен жеңді
Фото: gurk.kz

Бангкокта 22 жасқа дейінгілер арасында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Махмуд Сабырхан жартылай финалға шықты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ересектер арасында әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері М.Сабырхан 57 келіге дейінгі салмақта малайзиялық Акмал Мухаммедпен жұдырықтасты.
Бірінші раундта-ақ Махмуд қарсыласын нокдаунға жіберді. Екінші кезеңде төреші тағы есеп ашқаннан кейін техникалық нокаут тіркелді.
Сөйтіп Махмуд Сабырхан да жартылай финалға жолдама алды. Ол бірінші жекпе-жегінде өзбекстандық Мирзабек Мирзахалиловтан айласын асырған еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық боксшының жастар арасында Азия чемпионатының жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
20 қаңтар 2023 ж. 760 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031