Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәкен Бибосынов әлем чемпионатында тағы бір медальді жеңіп алды

Сәкен Бибосынов әлем чемпионатында тағы бір медальді жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Олимпиада жүлдегерін жеңіп, бокстан 2021 жылғы әлем чемпионатында төртінші медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов 2021 жылы Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.
51 келіге дейінгі салмақта ширек финалда Бибосынов 2016 жылы Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған колумбиялық Юберхен Мартинеспен жұдырықтасқанда, оны екі жақты шешіммен жеңді.
Осылайша Сәкен Бибосынов 2021 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлдеге кепілдік берді.
Сондай-ақ Қазақстаннан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі) және Аблайхан Жүсіпов (67 келі) жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетейік, 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатында алғашқы медальді жеңіп алды. Махмұд Сабырхан Белградта қазақстандық боксшылар делегациясының қоржынына тағы бір медаль салды.


https://stan.kz
03 қараша 2021 ж. 593 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930