Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық боксшылардың ширек финалдағы қарсыластары белгілі болды

Қазақстандық боксшылардың ширек финалдағы қарсыластары белгілі болды

Әлем чемпионатының ширек финалына Қазақстан құрамасынан 10 спортшы өткен болатын. Спортшылардың қарсыластары белгілі болды және 2 қарашада жартылай финаkға жолдама үшін тартысқа түспек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Жарыcтың күндізгі сессиясы Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады. Бұл кезеңде 5 спортшы кездесу өткізеді. 
48 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Теміртас Жүсіпов өзбекстандық Нодиржан Мирзахмедовпен кездеседі. Мирзахмедов 2019 жылы Бангкогта және 2021 жылы Дубайда өткен Азия чемпионатының жеңімпазы. 
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Махмуд Сабырхан бразилиялық спортшы Михаэль Тринидадқа қарсы жекпе-жек өткізеді. Тринидад Бразилия атынан жартылай финалға өткен алғашқы спортшы болды. Оның қабілеті жайлы сарапшылар да, Бокс ассоциациясы да атап өткен. 
Саматәлі Төлтаев франциялық Софьян Оумихамен кездесу өткізеді. Оумиха – өте тәжірибелі боксшылардың бірі. Ол 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2017 жылғы Әлем чемпионы. Сонымен қатар Еуропа ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері. 
67 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Абылайхан Жүсіпов Чинзориг Баатарсухпен кездеседі. Моңғолиялық боксшы 2018 жылы өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионатында күміс және қола медаль алған.
Қарсыласын нокдаунмен жеңген Нұрқанат Райыс жартылай финал үшін таласта Сальватор Кавальяроға қарсы жекпе-жек өткізеді. Италиялық спортшы Минскте өткен ІІ Еуропа ойындарының күміс жүлдегері атанған. 
Жарыстың кешкі сессиясы Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады. 
Кешкі сессияда Сәкен Бибосынов Колумбия боксшысы Ривас Мартинеспен жұдырықтасады. Мартинес те тәжірибелі спортшылардың бірі. Ол Рио ойындарының күміс медаль иегері, Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған. Олар жартылай финалға жолдама үшін бақ сынасады. 
57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін  Серік Теміржанов ресейлік Эдуард Савинмен жұдырықтасады. Савин ширек финалда түркиялық Нуреттин Оватты жеңген. 
Санатәлі Төлтаев шотландиялық Риз Линчке қарсы жекпе-жек өткізеді. Линч Шотландияда жастар арасында төрт дүркін чемпион атанған. 
71 келіге дейінгі салмақтағы спортшы Асланбек Шымбергенов украиналық боксшы Юрий Захареевпен жұдырықтасады. Юрий екі дүркін Еуропа чемпионы атанған. 2021 жылы өткен Жастар арасындағы чемпионаттың жеңімпазы. Украинада Захареевті "болашағанын зор үміт күттіретін боксшы" деп атаған. 
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Нұрбек Оралбай сербиялық Владимир Мирончиковке қарсы жекпе-жек өткізеді. 


https://stan.kz
02 қараша 2021 ж. 429 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930