Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлем чемпионаты: 3 қазақстандық боксшы ширек финалға өтті

Әлем чемпионаты: 3 қазақстандық боксшы ширек финалға өтті

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 31 қазанда жеңіске жеткен үш қазақстандықтың ширек финалдағы қарсыластары анықталды, – деп жазды Sports.kz.
Айта кетсек, кеше ел құрамасынан Махмуд Сабырхан (54 келі) мен Саматәли Төлтаев (60 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алған болатын.
Қазақстандықтар сапынан енді Махмуд Сабырхан бразилиялық Майкл Тринидадпен қолғап түйістіреді. Махмуд бұған дейін Оңтүстік Кореядан келген Ин Кю Кимді, одан кейін шотландиялық Мэттью Макхэйлды жеңді. Тағы бір боксшымыз Саматәли Төлтаев франциялық Софьян Умиамен кездеседі.
Саматәли бұған дейін таиландтық Хунатип Пиднуч және колумбиялық Дуван Сулета Морено тізе бүктірді. Ал Асланбек Шымбергенов енді украиналық Юрий Захарьевпен қолғап түйістіреді. Асланбек бұдан бұрын иран боксшысы Фархад Моради Аташгахты, өзбек спортшысы Шахрам Гиясовты, германиялық Магомед Шахидовты орта жолда қалдырды.
Әлем чемпионаты 6 қарашада мәресіне жетеді.


https://turkystan.kz
01 қараша 2021 ж. 675 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031