Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан боксшылар құрамасы Кубаға аттанып кетті

Қазақстан боксшылар құрамасы Кубаға аттанып кетті

Қазақстандық былғары қолғап шеберлері кубалық әріптестерімен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Аталған жиынға ұлттық құрама сапындағы және резервтегі боксшылар шақырту алған. Спортшыларға Ғалымбек Кенжебаев, Мырзағали Айтжанов, Нұрлан Ақүрпеков, Аскар Еркебаев сынды бапкерлер басшылық жасайды. Дайындық екі аптаға созылады. Куба елінде төмендегі боксшылар дайындық жүргізеді: Махмуд Сабырхан, Сәкен Бибосынов, Ораз Асылқұлов (52 келі); Серік Теміржанов (57 келі); Саматәли Төлтаев (60 келі); Санатәли Төлтаев, Ертуған Зейнуллиев (63 келі); Абылайхан Жүсіпов, Қуан Қуатов (69 келі); Әбілхан Аманқұл, Райс Нұрқанат, Ермахан Жақыпбеков (75 келі);
Нұрбек Оралбай (81 келі); Айбек Оралбай, Сағындык Тоғамбай (91 келі); Нұрлан Сапарбай (91 келіден жоғары). Естеріңізге сала кетелік, бұдан ұлттық құрама сапындағы бірқатар қазақстандық боксшы жаттығу өткізу үшін АҚШ-қа аттанды. Олардың қатарында Қамшыбек Қоңқабаев, Василий Левит, Бекзат Нұрдәулетов, Закир Сафиуллин сынды боксшылар бар.

14 қаңтар 2021 ж. 627 0