Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бокстан Президент кубогы басталды

Бокстан Президент кубогы басталды


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада бокстан Президент кубогы басталды. Халықаралық додаға әлемнің 11 мемлекетінен боксшылар келген.

Атап айтсақ, Қазақстан, Қытай, Филиппин, Тәжікстан, Сирия, Өзбекстан, Үндістан, Алжир, Ресей, Болгария, Қырғызстан және Моңғолия боксшылары бар. 

«Президент кубогына Азия чемпионатында өнер көрсеткен және Спартакиада жеңімпаздары қатысады. Бұл жолы турнир 8 салмақта бойынша өтеді. Өйткені, келесі жылы Олимпиада ойындарында жүлделер осы жүйе бойынша сарапқа салынбақ. Өздеріңіз білесіздер, 49 келі әлем чемпионаты мен Олимпиада бағдарламасынан алынып тасталды. Сондықтан, бұл салмақтағы боксшылар жарысқа қатыспайды. 60 келідегі Зәкір Сафиуллин 63 келіге өтті, 64 келідегі Санатәлі Төлтаев та осы салмаққа ауысты. Ал 60 келідегі Саматәлі Төлтаев турнирден сырт қалады. Одан бөлек, 69 келідегі Асланбек Шымбергенов пен 81 келідегі Бек Нұрмағамбет жарақаттарына байланысты жарыс жолына шықпайды.  Есесіне, Абылайхан Жүсіпов (69 келі),  Тұрсынбай Құлахмет, Әбілхан Аманқұл (екеуі де 75 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) секілді мықтылардың өнерін тамашалай аласыздар", - дейді бокстан ерлер құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев.

Шетелден келген танымал боксшылар арасында  Сингх Бишт (Үндістан), Хасанбай Досматов (Өзбекстан), Абдельхафид Беншабла (Алжир), Баходур Усмонов (Тәжікстан) бар.


16 шілде 2019 ж. 771 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031