Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Жеті қазақстандық каратэші турнирден жүлделі оралды

Жеті қазақстандық каратэші турнирден жүлделі оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Канаданың Монреаль қаласында каратеден «А» сериясы аясындағы Премьер-лига турнирі аяқталып, Қазақстан командасы жеті медаль жеңіп алды деп хабарлады Olympic.kz. 

60 келідегі Дархан Асаділов пен 55 келідегі Сабина Захарова алтын медаль иеленсе, тағы бес спортшымыз қола жүлдеге қол жеткізді.  Команда үздігі Дархан Асаділов финалда жас әрі талантты спортшы, жапониялық Саго Наотомен кездесті. Тартысты өткен кездесу тағдырын Дарханның маңызды соққысы шешіп, қазақстандық каратеші әлем үздігі екенін тағы бір дәлелдеді. Бұған дейін спортшылар екі рет жолығып, бір-бірден жеңіліс тапқан болатын.

«Бапкерлердің нұсқауын толық орындағанның арқасында жеңіске жеттім. Бұл жеңістің орны бөлек. Өйткені, жақында ғана Шанхайда турнир өтіп, біраз күшімді жұмсаған едім. Қалыпқа келу үшін уақыт тым аз болы. Алайда, талпынысым босқа кеткен жоқ. Әрі қарай да жеңіске жетемін деген үміттемін», - дейді Дархан. 

Азия ойындарының күміс жүлдегері Сабина Захарова көпке созылған үзілістан соң жеңіс тұғырына қайта оралды. Финалда Захарова әлемде үздік бестікке енетін неміс қызы Яна Битчті ұтты. Сондай-ақ, кіші финалда жүлдеге таласқан бес спортшымыз да кездесулерін жеңіспен аяқтады. 60 келідегі Еркінбек Байтөреев әлемдік рейтингте бірінші тұрған италиялық Анджело Кречензоны,  67 келідегі Дидар Әмірәлі тағы бір италиялық спортшы Лука Маресканы, 75 келідегі Ермек Айназарова словакиялық Давид Подстланды, 84 келідегі Игорь Чехмарев австриялық Робин Реттенбахерді жеңген болатын. Сондай-ақ, жақында Шанхайдағы турнирде жеңіске жеткен Софья Берульцева бұл жолы да үздік үштік қатарына енді.  
 
Фото: дереккөз

24 маусым 2019 ж. 310 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (8861)

26 қаңтар 2021 ж.

№6 (8860)

23 қаңтар 2021 ж.

№5 (8859)

19 қаңтар 2021 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам