ДИДАР ХАМЗА МЕН РУСЛАН МҰСАЕВ ДЗЮДОДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕСІНЕН ҚАҒЫЛДЫ
Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында дзюдодан Азия чемпионатының екінші жарыс күні аяқталды. Өкінішке қарай, Қазақстан спортшылары қолда тұрған медальдан айырылып қалды деп жазады Olympic.kz.
Бүгін татамиге ерлерден 73, 81 келідегі балуандар, қыздардан 63 және 70 келідегі спортшылар шыққан болатын.
73 келіде бақ сынаған Серік Ақылбек турнирдің екінші айналымында сүрінді.
81 келіде күрескен Дидар Хамза мен Руслан Мұсаев біріншіліктің жартылай финалында ұтылып, кейін қола медальдан да көз жазып қалды.
Азия ойындарының жеңімпазы Дидар Хамза іріктеу айналымында Иран мен Қытай балуандарынан басым түсіп, жартылай финалда өзбекстандық Шарафуддин Балтабаевтан «алтын ұпай» ережесі бойынша ұтылды. Қола медаль үшін өткен белдесуде Дидардың жапониялық Хикаро Томокиоға шамасы жетпеді.
Руслан Мұсаев Тайланд, Қытайлық Тайпей және Жапония спортшыларынан басым түскен. Алайда, жартылай финалда моңғол, қола медаль үшін күресте Оңтүстік Корея спортшысына жол берді.
Қыздар арасындағы сында Ақниет Тұрдан мен Йоланта Бердібекова (63 келі) және Мөлдір Нарынова (70 келі) жұбаныш белдесуінде жеңіліс тапты.