Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бокстан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Бокстан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

24.kz Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Екатеринбургте өтетін әлем чемпионатына қатысатын боксшылар есімін атады, деп хабарлайды Olympic.kz.

8-22 қыркүйек аралығында өтетін әлем біріншілігіне Қазақстаннан төмендегі боксшылар қатысады:
52 келі: Сәкен Бибосынов
57 келі: Қайрат Ерәлиев
63 келі: Зәкір Сафиуллин
69 келі: Абылайхан Жүсіпов
75 келі: Тұрсынбай Құлахмет
81 келі: Бекзат Нұрдәулетов
91 келі: Василий Левит
+91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев

«Команданың дайындығы жақсы өтуде. Барлық боксшылар бабына еніп келеді. Жаттығу жиыны жоспар бойынша өтті. Алға қойылған міндеттердің бәрін атқардық. Спортшыларды дәрігерлер мен ғылыми топ мүшелері өз бақылауында ұстады. Сондай-ақ, АІВА аумағында жұмыс істейтін медициналық орталықта спортшыларға барлық жағдай жасалған. Жарақат алған жігіттер де осында емделуде. Бұл жиында барлығы да бар. Орта тау деңгейінде жаттығу жақсы әсерін береді. Енді Нұр-Сұлтанда тағы бір жиын өткізіп, кейін әлем чемпионатына ұшып кетеміз», - деді бас бапкер.
26 тамыз 2019 ж. 939 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930