Қаламгерлер аяқ доп додасында бақ сынады
Сенбі күні Көкшоқы мөлек ауданындағы «Демеу» спорт кешенінде 28 Маусым - БАҚ күніне орай кіші футболдан жарыс өтті.
Жарысты аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов пен аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторы Нұрболат Пірімбет ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ал турнирдің өткізілуіне «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігі және Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі мұрындық болды. Турнирдің өзіне келетін болсақ, доп додасына ауданаралық емхана, мемлекеттік қызметшілер, мәдениет қызметшілері, ішкі саясат пен жастар ұжымы және аудандық «Өскен өңір» редакциясынан құралған 5 команда қатысты.

4 сағатқа созылған турнирдің нәтижесінде 1 орынды – «Аудандық Емхана», 2 орынды – «Мемлекеттік қызметкерлер», 3 орынды – «Мәдениет жігіттері» командасы иеленді. Ал аудандық газет ұжымы 3 жеңіліске, ішкі саясат пен жастар ұжымынан құрылған команданы 3-1 есебімен жеңумен ғана жауап қатты.
Жарыс соңында жеңімпаз командаларға кубок, медалдар және бағалы сыйлықтар табысталып, турнирде ерекше көзге түскен ойыншыларға «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы» номинациялары берілді.
Рамазан Әнәпия