Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА КИОКУШИНКАЙ-КАН КАРАТЭДЕН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ ӨТУДЕ

ҚЫЗЫЛОРДАДА КИОКУШИНКАЙ-КАН КАРАТЭДЕН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ ӨТУДЕ

«Евразия» спорт кешенінде киокушинкай-кан каратэден жасөспірімдер, жастар, әйелдер мен ерлер арасында Қазақстан Республикасының кубогы болып өтті. Дүбірлі бәсекеге еліміздің өңірлерінен 14 команда, 500-дей спортшы 25 салмақ дәрежесінде сынға түсті. 
Жарыстың салтанатты ашылуында «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Жұмаділдаева және Ұлттық республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясының бірінші вице-президенті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әлімжан Молдағали сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыстың мақсаты - маусымда Астана қаласында өтетін Азия чемпионатына спортшыларды іріктеу, 3-ші нөмірдегі спортшыларды таңдау, жастарды спортқа тарту, саламатты өмір салтын насихаттау, киокушинкай-кан каратэ спортын дамыту болып табылады.
Сондай-ақ, ел кубогының аясында, «Сыр шайқасы» атты жолдастық кездесу өткізілді. Жарыс барысында Қазақстан құрама командасы Ресей, Белоруссия және Қырғызстан спортшыларымен бақ сынасты.   
08 сәуір 2018 ж. 943 0