Қазақ күресі – ұлттық төл спортымыз
Қадым замандардан бері қазақ білекті азаматтарына қара күштің киесі дарыған жан деп қана қарамай, ұлт қуаттылығын, ел құдіретін танытар өнер иесі деп қадір тұтқан. Ал, қазіргі таңда еліміздің басты құндылықтарының бірі ретінде қазақ күресін дамыту және өскелең ұрпақ арасында насихаттау бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жақында Бидайкөл ауылындағы №148 орта мектепте жасөспірімдер арасында қазақ күресінен турнир өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өткен турнирде 6 салмақ дәрежесінде 52 оқушы белдесті. Боз кілемде бақ сынасқан болашақ палуандардан 26 келіде С.Тұрман, 35 келіде М.Махмут, 42 келіде Н.Кеңесбек, 46 келіде Ж.Кеңесбек, 50 келі салмақта Ә.Тұрғанбек, 60 келіде Қ.Сәрсенбекұлылар қатарластарын жығып жүлделі болса, Д.Балтабай түйе палуан атанды. Оқушылар арнайы бағалы сыйлықпен, алғыс хатпен марапатталды. Айта кетейік, қазақ күресінен өткен турнирге «Бидайкөл» шаруа қожалығының төрағасы Т.Байдалиев демеушілік еткен.

Жалпы №148 орта мектептің оқушылары қазақ күресін насихаттауда, белдесуде озат атанып жүр. Мәселен, Е.Дүйсенбек, Б.Бақытжанұлы, Н.Кеңесбектер аудандық жарыстарда ауылдың намысын қорғаса, Ж.Кеңесбеков, Қ.Сәрсенбекұлы, Ә.Тұрғанбек, Б.Амангелді, Н.Файзуллаевтар облыстық турнирлерде жүлдегер атанып жүр. Ал, Ө.Беркінбаев пен Д.Балтабай республикалық чемпионаттарда жеңімпаз атанып, додаларда төбе көрсетуде.
Осылайша оқушылардың тоқсандық алғашқы демалысын тиімді пайдалану қазақы күресті насихаттау арқылы турнирмен басталды. Бұдан әрі 5-7 сынып оқушылары демалыс уақытында волейбол, футбол, кіші футбол, үстел теннисі, баскетбол және ұлттық ойындар мен дойбыдан жарысты.
Ақбота Баянбай