Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордалық спортшы аралас жекпе-жектен Еуропа чемпионы атанды

Елордалық спортшы аралас жекпе-жектен Еуропа чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Татарстан астанасы Қазанда аралас жекпе-жектен (ММА) Еуропа чемпионаты аяқталды. Жарысқа әлемнің 20-дан астам елінен 150-ге жуық спортшы қатысты. Елордалық жауынгер Ерсұлтан Шәкенбай үздік атанып, чемпионаттың алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Еуропа ашық чемпионаты жастар мен ересектер арасында, яғни 18-20, 21+ жас санаттары бойынша өтті.
Жыл бойы Еуропа чемпионатына үзіліссіз дайындалдым. Бұл жеңіс біріншіден, еңбектің арқасында, екіншіден, бапкерім Нұрлан Шаяхметұлының арқасында мүмкін болды деп санаймын. Алдағы мақсатым – әлем чемпионы атану, – деді Ерсұлтан Сержанұлы.
Алматыдағы оқу-жаттығу жиындары дайындығымызға ықпал етті. Чемпионат өте жоғары деңгейде өтті. Елге оралғаннан кейін қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындықты бастаймыз. Әлем чемпионатында да жоғары деңгейде өнер көрсетуге тырысамыз, – деді Қарабалин.
Ерсұлтан жартылай финалда ресейлік Мұхамедамин Мукумовты, ал финалда Ресейдің тағы бір спортшысы Николай Веретенниковты жеңіп, Еуропа чемпионы атанды.Нұр-Сұлтан қаласының аралас жекпе-жектен аға жаттықтырушысы Нұрлан Қарабалин жарысқа дайындық ұзақ уақыттан бері жүріп жатқанын атап өтті. Айта кету керек, Ерсұлтан Шәкенбай – Нұр-Сұлтан жастары арасында Еуропаның алғашқы чемпионы. ​https://baq.kz​​​

22 тамыз 2021 ж. 563 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

№55 (9422).

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31