Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиелілік жас әлем чемпионы атанды

Шиелілік жас әлем чемпионы атанды

Біріккен Араб әмірлігі Бахрейн корольдігінде ережесіз жекпе-жектен жастар арасында өткен әлем чемпионатында шиелілік спортшы Ғани Әділсерік екінші рет жеңіске жетті.
Ол жарыс барысында 56 келі салмақта төрт кездесу өткізіп, қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді. Ғани 1999 жылы Алмалы ауылында дүниеге келген. Жас спортшы бұған дейін панкратионнан жастар арасында 4 дүркін Қазақстан жеңімпазы, спорттың осы түрінен ­жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, аралас жекпе-жектен ел жеңімпазы, ережесіз жекпе-жек спортынан жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанып үлгерген. «Қажымұқан» спорт клубында тәлім алатын спортшыны Арман Маделханов жаттықтырды. Оның айтуынша, Ғани келесі жылы ересектер сапына өтетін болады.

«Өскен өңір» ақпарат

26 қараша 2019 ж. 1 124 0

Қоғам

АҚ ХАЛАТТАҒЫ МЕЙІРІМ
16 маусым 2026 ж. 59

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9412).

16 маусым 2026 ж.

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930