Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Футболдан Еуропа чемпионатының үздік ойыншысы анықталды

Футболдан Еуропа чемпионатының үздік ойыншысы анықталды

УЕФА футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының үздік ойыншысы анықталды.
Турнирдің үздік ойыншысы деп Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма танылды. 
Биылғы Еуро чемпионатында ол алаңда 719 минут ойнап, барлық ойыншыдан көп алаңда уақыт өткізген. 
Италия өткізген жеті матчтың үшеуінде қақпасын құрғақ ұстаған. Ал жалпы қақасына 4 гол жіберіп, 9 сэйв жасаған. 
Бұған дейінгі Еуропа чемпионаттарының үздік ойыншылары:
1996: Маттиас Заммер (Германия)
2000: Зинеди+н Зидан (Франция)
2004: Теодорос Загоракис (Греция)
2008: Хави Эрнандес (Испания)
2012: Андрес Иниеста (Испания)
2016: Антуан Гризманн (Франция)
https://stan.kz​​​
12 шілде 2021 ж. 355 0