Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еуропаның үздік ойыншысы анықталды

Еуропаның үздік ойыншысы анықталды

Голландия құрамасының және Англияның «Ливерпуль» командасының қорғаушысы Вирджил ван Дейк Еуропаның 2018/19 жылғы маусымының үздік ойыншысы атанды.
Кеше түнде Монакода УЕФА Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі және үздік ойыншыны марапаттау рәсімі өтті.
Сондай-ақ кәрі құрлықтың үздік ойыншысы атануға «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду және және «Барселона» ойыншысы Лионель Месси де үмітті болған. Осылардың ең көп дауыс жинаған - Вирджил ван Дейк.
Ал әйелдер арасында ағылшын Люси Бронз үздік атанды. 27 жастағы қорғаушы былтырғы маусымда Францияның «Лион» командасымен әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасында топ жарған.
28 жастағы ван Дейк осы атаққа қол жеткізген алғашқы қорғаушы. Ол былтыр «Ливерпуль» сапында УЕФА Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен.
30 тамыз 2019 ж. 1 225 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (9372)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (9371)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (9370)

13 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031