Роналду "жылдың үздік ойыншысы" атанды

Жылдың үздік клубы болып "Ливерпуль" танылды. Оның қарсыластары "Аякс" пен "Лионның" қыздар командасы болды. "Ливерпульді" тізгіндеген Юрген Клопп Эрик тен Хаг ("Аякс") пен Фернанду Сантуш (Португалия құрамасы) басым болып, жылдың үздік бапкері атанды. Сондай-ақ "Ливерпульдің" тағы бір өкілі Алисон Бекер жылдың үздік қақпашысы танылды. Мадридтік "Атлетиконың" жартылай қорғаушысы Жоау Фелиш "Жыл жаңалығы" номинациясында жеңіске жетсе, әйелдер арасынан Люси Бронз (Англия) жылдың үздік ойыншысы атанды.