Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Криштиану Роналду ең үздік футболшы атанды

Криштиану Роналду ең үздік футболшы атанды

2019 жылдың ең үздік футбол ойыншысы болып "Ювентустың" шабуылшысы Криштиану Роналду танылды. Ол барселоналық Лионель Месси мен ливерпульдік Вирджил ван Дейк және Мұхамед Салахты басып озды.
Роналду Globe Soccer Awards-тың нұсқасы бойынша осымен 4-ші рет қатарынан жылдың "ең үздік ойыншысы" атанып отыр. Өзінің футбол карьерасында ол аталған марапатқа алтыншы рет ие болған екен.
2019 жылдың ең үздік футбол клубы деп "Ливерпуль" танылса, "ең үздік жаттықтырушы" титулын осы топты жаттықтыратын Юрген Клопп иеленіпті. Ал осы жылдың "ең үздік қақпашысы" мәртебесі бразиялық Алисон Бекерге тағайындалған.
Номинация кезінде әйелдер арасындағы ең үздік ойыншы да анықталыпты. Бұл марапатқа англиялық Люси Бронз ие болды.
Stan.kz
30 желтоқсан 2019 ж. 840 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930