Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейбіт Жукаев халықаралық турнирдің ширек финалына шықты

Бейбіт Жукаев халықаралық турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев елордада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour - M25 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарысты ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алған Б.Жукаев екінші айналымда осы доданың 4-ракеткасы, аустралиялық Джейсон Кублермен кездесті. Ақтау теннис мектебінің түлегі, 20 жастағы Бейбіт Жукаев 1:6, 7:6 (11:9), 7:5 есебімен жеңіске жетті. Үш сағат 32 минутқа созылған аса тартысты матчта Бейбіт 11 эйс, 2 брейк жасады. Қарсыласы, 28 жастағы Д.Кублер 6 эйс, 4 брейкке қол жеткізді.
«Тәжірибелі теннисшіні жеңгеніме қуаныштымын. Бүгін ауа райы қолайлы болмай, күшті жел кедергі жасады. Екінші партияда соған бейімделіп, допты жақсы бере алдым. Джейсон да керемет ойнады. Дегенмен өз жоспарымды аяғына дейін жүзеге асыра білдім», деді Б.Жукаев.
Қазақстандық теннисші жартылай финалға өту үшін ресейлік Петр Бирюковпен сайысқа түседі.

https://egemen.kz​​​




09 шілде 2021 ж. 523 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

№55 (9422).

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31