Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық теннисші Аделаида турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Аделаида турнирінің екінші айналымына шықты

Әлемнің 28-ракеткасы қазақстандық Юлия Путинцева Аделаида (Австралия) турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі. Осы жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 54-орында тұрған германиялық Лаура Зигемундпен кездесті. Бірінші партияда Ю.Путинцева брейк жасап, жеңіске жете алды – 6:4. Екінші сетте есеп 2:1 болған мезетте қазақстандық теннисші брейкке қол жеткізді. Алайда Л.Зигемунд сол бойда қарымта қайырып, таразы басын теңестірді – 3:3. Дегенмен Ю.Путинцева матчты тағы бір брейкпен бітірді – 6:4. Біршама тартысты өткен бәсеке 1 сағат 49 минутқа созылды. Юлия ширек финалға шығу үшін рейтингте 292-сатыдағы австралиялық Сторм Сэндерспен таласады.

24 ақпан 2021 ж. 619 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

№55 (9422).

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31