Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің жартылай финалына шықты

ÐаÑина ÐиÑÑ ÐапониÑдаÒÑ ÑÑÑниÑдÑÒ£ жаÑÑÑлай ÑиналÑна ÑÑÒÑÑ
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапониядағы Фукуока ITF турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Дүниежүзілік рейтингте 98-орында тұрған Зарина Дияс ширек финалда жапониялық, әлемнің 269-ракеткасы Риса Одзакимен кортқа шықты Турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші қарсыласын 6:2, 6:0 есебімен ойсырата ұтты. Бәсеке бір сағатқа созылды. З.Дияс жүлде қоры 60 мың АҚШ долларына бағаланған турнирдің финалына шығу үшін әлемнің 193-ракеткасы, канадалық Ребекка Мариномен шеберлік байқасады. Екінші жартылай финалда осы турнирдің екінші, әлемнің 119-ракеткасы, ұлыбританиялық Хитер Уотсон мен рейтингте 185-орындағы америкалық Кристи Ан кездеседі. Турнир 12 мамырда мәреге жетеді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Жапониядағы жарыстың ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/314061-zarina-diyas-zhaponiyada-y-turnirdi-zhartylaj-finalyna-shy-ty
10 мамыр 2019 ж. 969 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (9378)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (9377)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (9376)

03 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728