Қазақстанның бірінші ракеткасы Санкт-Петербург турниріне қатысады
Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Санкт-Петербург турниріне қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазіргі кезде аталмыш жарыстың іріктеу сайыстары өтуде. Сондықтан Ю.Путинцеваның қарсыласы кейін белгілі болады.
Жүлде қоры 757 900 АҚШ долларына бағаланған байрақты бәсекеде Аустралия ашық чемпионатының финалисі, әлемнің екінші ракеткасы, чехиялық Петра Квитова бастаған мықты теннисшілер бақ сынайды.
Санкт-Петербург жарысы 3 ақпан күні мәреге жетеді.
Сенбі күні Аустралия ашық біріншілігінің соңғы бәсекесінде П.Квитованы жеңген Наоми Осака бүгін жаңартылған рейтингте көш бастады. 21 жасар теннисші Азия спортшылары арасында тұңғыш рет бірінші ракетка атанып отыр. Қазақстандықтардан Ю.Путинцева 39-орыннан 41-ге, Зарина Дияс 95-тен бір сатыға төмендеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Новак Джоковичтің Аустралия ашық чемпионатын жетінші мәрте ұтқанын жазған болатынбыз.