Геннадий Головкиннің тәуелсіздікке тартуы
IBF тұжырымы бойынша әлем чемионы Қазақстандық Геннадий Головкин осы сенбіде кезекті қарсыласымен қолғап түйістіреді. Бұған дейінгі 2 кездесуде Қарағандылық боксшымыз қарсыластары Стив Роллс пен Сергей Деревянченкадан басым түскен болатын.
GGG-дің ендігі қарсыласы Поляк боксшысы Камиль Шеремета болмақ. 31 жастағы Камиль кәсіпқой бокста 21 жекпе-жек өткізіп барлығын жеңіспен аяқтаған. Камиль кездесуден бұрын өткен баспасөз жиынында «Головкин мен секілді қарапайым адам және де мен қазір нағыз бабымдамын. Оны тізе бүктіру соншалықты қиын болмайды деді». Дегенмен поляк боксшысының бұған дейін GGG секілді қарсыластары болмаған. 18 желтоқсан күні АҚШ-тың Флорида штатында өтетін бұл жекпе-жек поляк боксшысы үшін алғашқы күрделі сынақ болмақ. Шеремета соңғы рет Головкин жекпе-жегінің андеркардында өнер көрсеткен-ді. Ол кезде поляк атлеті өзінің мексикалық қарсыласы Оскар Кортесті (27-6, 14 КО) нокаутқа түсірген. Бокс кешінде Геннадий Головкиннен басқа екінші бір жерлесіміз Али Ахмедовте қолғап түйістіреді. Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) екінші орта санаттағы IBO әлем чемпионы белбеуі үшін эквадорлық Карлос Гонгорамен (18-0, 13 КО) таласады. Жерлесімен бірге жаттығып жүрген Геннадийдің сөзінше «Али Ахмедов күн сайын шыңдалып келеді және де жаттығуларда оның деңгейінің анық өскені байқалады. Ол Әлем Чемпионы атағын иеленуге лайықты» деді.

Ал Головкинге келер болсақ, ол Камиль Шереметаны жеңетін болса өзінің басты қарсыласы Сауль Канело Альвареспен қайта жұдырықтасуға мүмкіндік алуы мүмкін. Ақпарат көздерінің мәлімдеуінше жекпе-жек 2021 жылға жоспарланып отыр. Әлемдік пандемияның аяқталғанын күткен ұйымдастырушылар кездесуді жанкүйлермен бірге өткізбек ниетте. Аты шулы кездесуден Канело $45 млн, ал Головкин $30 млн доллар пайда табады.
Рамазан Бектұрғанұлы