Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Талапты жас тауға шығады

Талапты жас тауға шығады

Байрақты жеңістердің арқасында ауданның спорт саласы жылдан-жылға дамып, балалардың спортқа деген қызығушылығы артып келе жатқаны баршаға аян. Биылғы жылдың бастамасы да жақсы дей аламыз. Себебі, жыл ­басталсымен байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырына көтеріліп, жүлделі орындармен оралып жатқан жастарымыз баршылық. Солардың бірі – Мырзабек Мұстафаев.

Ол ауданның іргесінде орналасқан Алғабас ауылының тумасы. №10 балалар, жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті. Бұған дейін де жеңісімен жанкүйерлерін қуантқан болатын. Жылда дәстүрге айналған Мұстафа Шоқай атындағы республикалық турнирде де кәсіби шеберлігін көрсетіп, жаттықтырушыларының сенімін ақтады. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» дегендей Мырзабектің жаттықтырушысы мен әдіскерлері де осал емес. Ол талай додаларда топ жарып, ауданның абыройын асқақтатып жүрген спортшылардың бірі – Рахат Советов.
Міне, араға бірнеше ай салып Мырзабек Мұстафаев жеңістің туын желбіретіп, Ақтау қаласынан оралды. 2005-2006 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасында өткен қазақ күресі чемпианатында ІІІ орын иеленді. Ал №10 балалар, жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ардақ ­Айтуаров: «Біз талапты шәкірттерді мақтан тұтамыз. Мырзабектің болашағы бар. Оның кәсіби шеберлігін шыңдау үшін жаттығуды бәсеңсітпей, керісінше үдете түсеміз. Алда әлі талай жетістіккге қол жеткізіп, спорт жанашырларын қуантатын боламыз», – дейді.
Иә, лайым солай болғай. Алақандай ауданның атын асқақтатып, намысшыл спортшыларымыз көбейе берсін дейміз. Жеңісті күндеріміз көп болсын!

Б.БӘЙІМБЕТ


14 ақпан 2020 ж. 829 0