Қазақстан тумасы «Манчестер Сити» қатарын толықтыруы мүмкін
Қазақстанда дүниеге келген, ал бүгінде Түркияның «Алтынорду» клубының қорғаушысы Равиль Тагирге Англияның бірнеше клубы қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Yeni Asir.
Бұл командалар арасында «Манчестер Сити», «Лестер» мен «Кристал Пэлас» бар. Командалар маусым аяғында трансфер туралы ұсыныс жасай алады. Ал «Алтынорду» ойыншыларының трансферіне әлі баға белгіленбеген, клуб келісімшарттың өздеріне де, футболшыға да ұтымды болуын қарастыруда. Қаңтарда Тагирге АПЛ-дегі «Норвич» және жергілікті «Фенербахче» мен «Галатасарай» да қызығушылық танытқан. Ал қазір АПЛ клубтарымен қоса ойыншыға Германияның клубытары да көз тігіп отыр. 16 жастағы Тагир ересектер арасында алғашқы маусымын ойнауда. «Алтынорду» сапында ол екінші лигада 16 матч өткізді. 2019 жылы қорғаушы Түркияның жастар құрамасында өнер көрсетіп, Еуро-2021 іріктеунде екі матчқа қатысқан. Тагир Жамбыл облысында туған. 2010 жылы жеті жасында оның отбасы тарихи отанына көшті. Тагир мен «Алтынорду» арасындағы келісімшарт 2022 жылға дейін есептелген, ал Transfermakt оның құнын 700 мың еуроға бағалап отыр.
Ақпарат көзі: prosports.kz