Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «АСТАНАНЫҢ» ҮЗДІК МЕРГЕНІ «СЕЛТИККЕ» АУЫСУЫ МҮМКІН

«АСТАНАНЫҢ» ҮЗДІК МЕРГЕНІ «СЕЛТИККЕ» АУЫСУЫ МҮМКІН


Елордалық «Астананың» және Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені Патрик Твумаси клуб ауыстыруы мүмкін. Шотландия футболының ардагері, комментатор Давид Прованның айтуынша, «Селтик» қазіргі таңда ганалық футболшыға қатты қызығып отыр.
«Маусым соңында «Селтик» шабуылшысы Патрик Робертс командадан кетеді. Бұл шотландиялық команда үшін оңай тимейді. Қазір клуб Робертстің орнын басатын ойыншыны іздеп жатыр. Бірнеше кандидаттарды қарастыруда, арасында «астаналық» Твумаси де бар. Оның осы жазда «Селтик» жейдесін киіп қалуы әбден мүмкін» дейді Прован.
Еске салсақ, осыған дейін де «Селтик» тарапынан Твумасиге қызығушылық болған еді. Алайда ресми ұсыныс келіп түскен жоқ. Осы жылдың қаңтар айында Твумаси түркиялық «Бурсаспорға» ауысады екен деген әңгіме де желдей есті. Алайда екі тарап ойыншыға қатысты ортақ мәмілеге келе алған жоқ.
23 жастағы Патрик «Астана» сапында 2013 жылдан бастап ойнайды. Оның қазіргі келісімшарты 2019 жылға дейін күшінде.
Абай Аймағамбет
19 мамыр 2018 ж. 884 0

Қоғам

БАҒДӘУЛЕТТІҢ БӘСІ БИІК

08 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930