Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Зениттің» бас директоры: Исламхан - нәтижелі ойыншы

«Зениттің» бас директоры: Исламхан - нәтижелі ойыншы

«Зениттің» бас директоры Александр Медведев Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламханның петерборлық клуб қаралымында болатынын растады, деп хабарлайды Prosports.kzChampionat.com сайтына сілтеме жасап.

«Бауыржан Исламхан «Зенитпен» оқу-жаттығу жиынына қатысады». Ол Қазақстандағы ең үздік, нәтижелі ойыншы, «Қайрат» пен ұлттық құраманың капитаны. Біз оның әлеуетін байқайтын боламыз, әрі ол өзін жақсы жағынан көрсетуге тиіс», - деді Медведев Чемпионаттың тілшісі Максим Пахомовқа берген сұхбатында.

«Исламхан еңбек жолын 2011 жылы «Тараз» командасында бастады, содан кейін «Кубаньға» ауысты. Жартылай қорғаушы ресейлік клубта бірде-бір матч өткізбеді, ал 2013 жылы «Астанаға» жалға берілді. 2014 жылдан бастап Бауыржан «Қайраттың» намысын қорғады. Ол Қазақстан құрамасына 2012 жылдан бастап шақырылған.

Қазақстан Премьер-лигасының соңғы ойынында жартылай қорғаушы 22 матчқа қатысып, 7 гол соқты (пенальтиден 3) және 2 сары қағаз алды», деп жазады ресейлік сайт.
20 қаңтар 2020 ж. 763 0

Қоғам

ЖЕР-АНАНЫҢ ЖАҢА СЫЙЫ

15 қыркүйек 2026 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930