Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Исламхан «Зенитке» ауысса жарты жыл легионер болып саналады

Исламхан «Зенитке» ауысса жарты жыл легионер болып саналады

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің футболшылары 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап Ресейдегі бүкілресейлік жарыстарда легионер деп саналмайды. Яғни Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан жақын күндері Ресей чемпиондары «Зенит» қатарына қосылса, жарты жыл петерборлық клуб сапында Исламхан «өзіміздің футболшы» санатына жатпайды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл ереже Ресей Федерациясының Спорт министрлігінің «Ресейдің ұлттық құрама командалары үшін футбол жарыстарына қатысуға шектеулерді бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген.

Осы маусымда негізгі легионерлердің саны алтыдан аспауы керек. Келесі маусымнан бастап «8 + 17» форматы күшіне енеді, бұл клубтың маусымға арналған өтінімінде ең көбі сегіз шетелдік ойыншы бола алады деген сөз. Олардың барлығы негізгі құрамда шыға алады.

ЕАЭО мүшелері - Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан.

Еске салайық, қазіргі уақытта РПЛ-да үш қазақстандық бар: Бақтияр Зайнутдинов («Ростов»), Акмал Бахтияров («Сочи») және Исламбек Куат («Оренбург»).
17 қаңтар 2020 ж. 71 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (8777)

30 наурыз 2020 ж.

№23 (8776)

26 наурыз 2020 ж.

№22 (8775)

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам