Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Исламхан «Зенитке» ауысады

Исламхан «Зенитке» ауысады

Қазақстандық жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан көп ұзамай Санкт-Петербургтің «Зенит» командасына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Біздің басылымға белгілі болғандай, ресейлік гранд клуб пен Қазақстанның ең талантты футболшысы арасында келіссөздер басталып кеткен көрінеді.

Қазір «Зенит» Катарда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Исламхан осы жаттығу жиыны аясында қаралымнан өтеді. Тіпті, 25 қаңтарға жоспарланған австриялық «Ред Булл Зальцбургке» қарсы жолдастық матчқа қатысуы мүмкін.

Айта кетерлігі, бұған дейін де «Зенит» сапында қазақстандық ойыншы доп тепкен. Біз бұл жерде 2000-2002 жылдары «Зенитте» өнер көрсеткен шабуылшы Евгений Тарасов жайлы айтып отырмыз.

Еске сала кетейік, Бауыржан Исламханның «Қайратпен» келісімшарты 2019 жылдың соңында аяқталған. Футболшы қазір еркін агентер қатарында.
16 қаңтар 2020 ж. 583 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9349)

29 қазан 2025 ж.

№81 (9348)

25 қазан 2025 ж.

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930