Қазақстандық спортшылар Ресейде легионер ретінде қарастырылмайды
Футболдан, баскетболдан, волейболдан, гандболдан, су полосынан және хоккейден Ресейдегі бүкілресейлік жарыстарда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің спортшылары легионер ретінде қарастырылмайды. Заң 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Prosports.kz РИА-ға сілтеме жасап.
«Бұйрық жобасы Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге, сондай-ақ Ресей Федерациясының басқа да халықаралық шарттарының ережелеріне сәйкес келеді және Ресей Федерациясының «Дене шынықтыру мен спортты дамыту» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған», - делінген РФ Спорт Министрлігінің бұйрық жобасында.
Бұған дейін ЕАЭО соты Одақ мемлекеттерінің азаматтары болып табылатын спортшылардың ұлттық спорт жарыстарына қатысуына сандық шектеулердің жол берілмеуі туралы қорытынды шығарған еді. 2019 жылдың қаңтарынан бастап командалық спорттың кейбір түрлерінде Беларуссия спортшылары Ресейдегі легионер мәртебесінен айрылды. Жақында Қазақстан спортшылары да ресейліктермен тең құқылы болады. Ішкі бәсекелестіктегі өзара қадамдар мен шектеулерді алып тастауға келетін болсақ, бұл туралы әзірге ақпарат жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, ЕАЭО құрамына Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан кіреді.