Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Медведев Назарбаевпен бірлескен жұмысты жоғары бағалайтынын айтты

Медведев Назарбаевпен бірлескен жұмысты жоғары бағалайтынын айтты

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев әлеуметтік желіде Қазақстанның тұңғыш президентіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
ФоÑо: ÐÒоÑда
Facebook желісіндегі жазбасында премьер-министр Назарбаевтың мемлекет құрылуының бастапқы сатысында халықпен бірге болғанын атап өтті.
"Оның басшылығымен қарқынды дамыған экономика құрылып, Қазақстан мемлекеті өмірінің барлық салаларында ауқымды өзгерістер жүргізілді.Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграцияның бастаушысы болғанын ұмытпаймыз. Ол осыдан 25 жыл бұрын Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясын ұсынған еді.Нұрсұлтан Әбішұлымен бірлескен жұмысты жоғары бағалаймын, халықтарымыздың арасындағы достықты нығайту үшін, Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым - қатынастарды дамыту үшін жасаған істерінің барлығын ризашылықпен еске аламын", - деп жазылған хабарламада.
20 наурыз 2019 ж. 875 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930