Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті

АҚШ Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті

Мемлекеттік департамент өкілі Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін тоқтатуына қатысты пікір білдірді. Ол АҚШ Қазақстанмен серіктестікті жалғастыруға ниетті екенін хабарлады деп жазады Риа Новости сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ФоÑо: primeminister.kz


"Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетуі туралы шешім қабылдағаны мен мемлекет басшысы міндетін атқарушы қызметіне сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындалғанынан хабардармыз. Қазақстан-АҚШ-тың басым стратегиялық серіктестігі. Сондықтан, біз Қазақстанмен кең ауқымды мәселелер бойынша жұмысымызды жалғастыруға ниеттіміз", - деді мемдепартамент өкілі.
Сонымен қатар, маман Қазақстан мен Америка арасында тығыз қарым-қатынас орнағанын атап өтті.
"АҚШ пен Қазақстанның арасында тығыз екіжақты қарым-қатынас бар. Оған өткен жылы президент (Дональд) Трамп пен президент Назарбаевтың кездесуі дәлел бола алады. Біз бұл серпін жалғасады деп үміттенеміз", -деді ол.
Айта кетейік, күні кешке Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті өкілеттігін тоқтатты.
20 наурыз 2019 ж. 1 107 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9349)

29 қазан 2025 ж.

№81 (9348)

25 қазан 2025 ж.

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930