Қазақстан киберфутболдан Еуропа чемпионатының іріктеуіне қатысады

Естеріңізде болса, былтыр қыркүйекте футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет танымал футбол симуляторы "Pro Evolution Soccer 2020" ойынына ресми түрде енген болатын. Осы күнге дейін біздің команда PES ойынында да, оның басты бәсекелесі FIFA-да да болған емес. Қазақстан құрамасы "Pro Evolution Soccer 2020" ойынында Adidas компаниясы ұсынған көк жолағы бар сары жейдеде ойнайтын болады. Ойында ұлттық құраманы 5-ші нөмірлі Исламбек Қуат алаңға бастап шығады. Қазақстан құрамасына екі жұлдыз табысталған. Салыстырмалы түрде, ЕУРО-2020 іріктеу кезеңіндегі қарсыласымыз Ресей құрамасына төрт жұлдыз берілген. Қазақстан құрамасының жалпы көрсеткіші – 66. Оның ішінде, шабуыл шебі 68, жартылай қорғаныс 66 және қорғаныс шебі 63-ке тең.