Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалғас Жұмағұлов Али Багаутиновты жеңді (Видео)

Жалғас Жұмағұлов Али Багаутиновты жеңді (Видео)

31 жастағы қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов 19 қазанда Сочиде өткен Fight Nights Global 95 турнирінде 34 жастағы ресейлік Али Багаутиновты жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жұмағұлов аса жеңіл салмақтағы Fight Night Global чемпионы титулын қорғап қалды. Жекпе-жек бес раундқа созылды. Ұрыс қорытындысы бойынша төрешілердің басым бөлігі жеңісті қазақстандыққа берді. Енді Жұмағұловтың қоржынында 13 жеңіс, үш жеңіліс бар.
Жекпе-жектен кейін Али Багаутинов пен оның командасы апелляция беретінін мәлімдеді. "Айтарға сөзім жоқ. Барлық маман мені жеңді деп айтып жатыр. Бірақ төрешілердің шешімімен дауласпаймын. Командамызбен апелляция береміз. Менің жекпе-жегім үшін қаншама ақша тігілді. Мүмкін, Жалғасқа жанкүйер болғандар көп ақша жеңіп алған болар. Бұл қаражатты олар қайырымдылыққа, мұқтаж балалар мен науқастарға берсін", - деді Багаутинов.


20 қазан 2019 ж. 1 032 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30