Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үш чемпиондық белбеуін қорғап қалған қазақстандық боксшы рейтингіде көтерілді

Үш чемпиондық белбеуін қорғап қалған қазақстандық боксшы рейтингіде көтерілді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы (10-0, 8 КО) Алматыда екінші деңгейлі WBO Global, WBC Asia және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулері үшін жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. 

Алматыда өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Айдос Ербосынұлы намибиялық боксшы Лукас Ндафолумен (15-1, 6 КО) жұдырықтасты. Айқас жоспарланған 10 раундқа созылды. 

Кәсіби мансабында жеңіліс дәмін татпаған қазақстандық боксшы 16 кездесуінің тек біреуінде ұтылған Лукас Ндафолуді төрешілердің бірыңғай шешімен (100-90, 97-93, 97-93) жеңді. Осылайша, ол WBO Global, WBC Asia және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерін қорғап қалды. 

Осы жеңісінен соң Айдос Ербосынұлы BoxRec рейтингінде өз салмағында 93 сатыға көтеріліп, 70-ші сатыға жайғасты. 

Естеріңізге сала кетейік, Айдос Ербосынұлы соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізген. Ол Мәскеуде өткен бокс кешінде қарсыласы бельгиялық Илияс Ачергиді (12-4-1, 6 КО) жеңіп, WBO Global белбеуін иеленген еді. 


Түпнұсқасы:Prosports.kz
26 наурыз 2019 ж. 1 231 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

№80 (9447)

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031