Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихта алғаш рет қазақстандық файтер UFC-мен келісімге қол қойды

Тарихта алғаш рет қазақстандық файтер UFC-мен келісімге қол қойды

ТаÑиÑÑа алÒÐ°Ñ ÑÐµÑ ÒазаÒÑÑандÑÒ ÑайÑÐµÑ UFC-мен келÑÑÑмге Òол ÒойдÑ
Жартылай орта салмақта M-1 Global тұжырымының чемпионы Шавкат Рахмонов әлемдегі ең беделді ұйым UFC-мен келісімшартқа отырды.

Бұл туралы қазақстандық спортшының менеджері Саят Абдрахманов мәлім етті.

«Шавкат Рахмонов UFC-мен келісімшартқа қол қойып, ең үздік ММА ұйымымен келісімшартқа отырған тұңғыш қазақстандық спортшы атанды. Алғашқы жекпе-жек қараша айына жоспарланған. Шавкат UFC-дегі бірінші қазақстандық спортшы, бірақ соңғысы емес екеніне сенімдімін» деп жазды Саят Абдрахманов өзінің Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмонов наурыз айында M-1 Global чемпиондық белбеуін иемденген болатын. Әзірге ол UFC-мен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық. Одан бөлек UFC-де үш жеңіске жеткен Ресейдің атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Дамир Исмағұлов бар. Prosports.kz

24.kz
31 шілде 2019 ж. 969 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (9402).

13 мамыр 2026 ж.

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031