Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Арман Әшімов әлемдік рейтингте ТОП 50 спортшының қатарында

Арман Әшімов әлемдік рейтингте ТОП 50 спортшының қатарында

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман «Мұстафа Өзтүрік» Әшімов әлемдік рейтингте үздік 50 спортшының қатарына кірді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Fightmatrix.comсайтына сілтеме жасап. 

M-1 Global тұжырымының уақытша чемпионы болған Арман Әшімов әлемдік жаңартылған рейтингте үздік 50 спортшының қатарына кіріп, 48-орынға жайғасты. Соңғы жекпе-жегін M-1 Challenge 101 турнирінде өткізген отандасымыз жеңіліп көрмеген бразилиялық Кайк Аленкарды (9-1) ұтқан болатын. Осыдан кейін Әшімов бірден 47 сатыға көтерілген. Ал бұл салмақтың ең үздік спортшысы UFC чемпионы Генри Сехудо. 

Айта кетейік, Арман Әшімов келесі жекпе-жегінде M-1 Global тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласуы мүмкін.
05 сәуір 2019 ж. 1 407 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30