Қазақстан – Сингапур: Серіктестік дамып келеді
Экватордың бойында жатқан Сингапур Республикасы – Астана қаласынан сәл ғана үлкен аралда орналасқан әрі мемлекет, әрі қала. Елдің аумағына негізгісінен бөлек тағы алпыстан астам арал кіреді. Осындай шағын ғана қала-мемлекет бүгінде әлемнің небір алпауыттарымен терезесі тең дәрежеде жан-жақты дамып келеді. Қазақстан мен Сингапур да отыз жылдан бері бірі Орталық, енді бірі Оңтүстік-Шығыс Азия өңірлерінде бір-біріне жетекші сауда және инвестициялық серіктес ретінде біраз жетістікке қол жеткізді.
Қазақстанның Сингапур Республикасымен арадағы дипломатиялық қатынасы тәуелсіздіктің елең-алаңында, яғни 1993 жылдың 30 наурызында орнады. Алайда еліміздің Сингапурдағы дипломатиялық миссиясы араға он жыл салып барып қана 2003 жылдың қара күзінде ашылды. Сөйтіп, бес жыл жемісті жұмыс істеген дипмиссия 2008 жылы 11 желтоқсанда Қазақстан елшілігі болып қайта құрылды. Міне, содан бері бірі Орталық Азияның, бірі Оңтүстік-Шығыс Азия өңірінің барысы ретінде серіктестер сенім мен өзара құрметке негізделген берік қарым-қатынас орнатты, стратегиялық әріптестікті нығайтты.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, Сингапур – аумағы Астанадай-ақ болса да, экономикалық әлеуеті, байлығы жөнінен әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Алты миллионға жетер-жетпес-ақ тұрғыны бар демесеңіз, халықтың тығыздығы жөнінен жер бетінде екінші орында тұр. Ал Халықаралық валюта қоры Сингапурдың биылғы ішкі жалпы өнімі 794 миллиард долларды құрағанын растады. Бұл көрсеткіш бойынша Сингапур Республикасы 38-орында.
Арғы тарихына бармай-ақ қояйық, бертіндегі тақыр жерден алып қала-мемлекетке айналған жанкештілігін-ақ айтсақ жеткілікті.
Архипелагтағы азғантай ғана халқы бар елді ХІХ ғасырдың басынан бері жағалап жүрген Британ корольдігі ақыры 1867 жылы Сингапурды өзінің отарына айналдырды. Ондағы негізгі мақсаты – Қытаймен сауда қатынасын жандандыру үшін Сингапур аралын порт ретінде пайдалану. Осы жерде сұлтанаттық деңгейдегі Сингапурдың кәсіби мемлекет ретінде қалыптасуына ағылшындардың пайдасы тигенін айта кеткен жөн.
Британия келіп, көкөніс шаруашылығына дем беріп, кейінірек каучук пен қалайы өндірісін қолға алғаны сол еді, шағын аралдың ортасында ғана отырған ел тұрғындары уақыт өте көбейе бастады. Сәйкесінше қала аумағы да кеңейді. Арал-мемлекетке Британия генерал-губернаторы Бенкулена Стэмфорд Раффлз алғаш аяқ басқан 1819 жылы мұнда небәрі мыңға жуық малайзиялық тұрып келген болса, халық саны 1860 жылы 80 мыңға жетті.
Осылайша, жекенің иелігіндегі сұлтандық билікті, одан кейінгі отаршылықты да көріп, Екінші дүниежүзілік соғысқа да ұрынып, құлдырау мен дамуды алма-кезек бастан өткерген ел 1951 жылы Британия империясы құрамындағы өзін-өзі басқаратын мемлекет болып қайта құрылып, оның премьер-министрлігіне Ли Куан Ю сайланды. Өздері ерекше құрмет тұтып, айрықша ардақтайтын осы басшы елді 50 жылдың ішінде ұшпаққа шығарып, нағыз өндірістік, порттық, технологиялық мемлекетке айналдырды. Оның үстіне қазір Сингапур – әлемдегі ең ірі қаржы орталықтарының бірі. Қаржылық ұйымдардың көптігі жағынан Гонконгты басып озып, Лондон мен Нью-Йорктен кейінгі үшінші орынды ұстап тұр.
Кезінде қол еңбегімен, өндірістің қара жұмысымен көтерілген Сингапур қазір ғылымға ден қойып, әлемге электрондық құрылғылары мен химиялық, фармацевтикалық өнімдерін экспорттайды. Біздің елмен арадағы сауда-экономикалық байланысы да жыл сайын артып келеді. Инвестициялық саясат та жолға қойылған.
Жоғары деңгейдегі саяси диалог – екі ел арасындағы тұрақты достық қатынастардың негізі. Осыдан дәл бір жыл бұрын, 2023 жылғы мамырда сол кездегі Сингапур Президенті Халима Якоб Қазақстан мен Орталық Азияға алғашқы сапарын жасап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен еді. Бұл – жалпы Сингапур президенттерінің біздің аймаққа жасаған алғашқы тарихи сапары.
Сапардың екі ел үшін маңызы зор болды. Екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге жоғарылатты. Сапар аясында Президент Халима Якобтың қатысуымен Астанада Қазақстан – Сингапур бизнес форумы өтті. Келелі кеңес Қазақстанда жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін зерттегісі келетін көптеген бизнес көшбасшыларын, оның ішінде, сингапурлық компаниялардың басын қосты. Қос елдің кәсіпкерлері мен уәкілетті мемлекеттік органдарының 200-ден астам өкілі ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Жиында Халима Якоб Қазақстан Сингапурдың Орталық Азиядағы ең ірі серіктесі екенін, елдер арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі нығая түсетінін атап өтті.
«Күшейіп келе жатқан геосаяси сын-қатерлерді ескере отырып, бұл екі елдің экономикасын әртараптандыруға ықпал етеді. Осы тұрғыда Сингапур серіктестікті кеңейтуге әрдайым ашық. Орталық Азияның кіндік ортасында орналасқан Қазақстан – өзінің орасан зор ресурсымен мемлекеттер пен компаниялар үшін инвестициялық тартымды ел», деген еді сол кездегі Сингапур президенті.
Сөйтіп, Қазақстан мен Сингапурдың өкілдері сауда, инвестиция, логистика және мемлекеттік қызметшілерді оқыту салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар екіжақты келісім мен меморандумға, сондай-ақ құны 275 млн доллар болатын коммерциялық құжатқа қол қойды.
Инвестицияға келетін болсақ, екіжақты инвестициялық ынтымақтастық айтарлықтай ілгерілеп келеді. Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты азиялық зерттеу бөлімінің бас сарапшысы Бауыржан Аукен Қазақстан мен Сингапурдың байланыс ауқымы кең, яғни Азия құрлығы үшін де үлкен маңызға ие екенін атап өтті.
– Сингапурға мемлекеттік сапармен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз сенімді саяси диалогке, қарқынды дамып келе жатқан сауда және инвестициялық байланыстарға бағытталған екіжақты ынтымақтастықтың мүлде жаңа кезеңіне жол ашуға ниетті екенін жеткізді. Мемлекет басшылары екіжақты келіссөздер өткізді. Үкіметтік органдар арасында бірқатар маңызды меморандумға қол қойылды. Жалпы, Сингапур мен Қазақстан дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан кезден бастап өзара ынтымақтастықты, серіктестікті қарқынды дамытып келеді. Қазақстан мен Сингапур арасындағы екіжақты тауар айналымының көлемі өткен жылдың көрсеткіші бойынша 1,6 млрд долларды құрады. Кейінгі 13 жыл ішінде Сингапурдан елімізге тікелей тартылған шетелдік инвестициялар ағыны 1,4 млрд доллар шамасында. Қазіргі таңда аталған екі ел Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуды, сонымен қатар G4 City сияқты жобаларды жүзеге асыруды жалғастырып жатыр. Сингапур – әлемнің технологиялық-инновациялық хабы ретінде Қазақстан үшін аса маңызды мемлекет. Инновациялық технология, логистика салаларында дамыған мемлекет болғандықтан, бұл елмен байланыс Қазақстан үшін тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік береді, – дейді Б.Аукен.
Жоғарыда аталған жобалар ішінде G4 City жобасының жөні бөлек. Бүгінде сингапурлық «Surbana Jurong» компаниясымен бірлесіп «Алатау» (G4 City) интеграцияланған қаласын салу жобасы сәтті жалғасып келеді. Жаңа қалада шамамен 2,2 млн адам тұрады деп болжанады. Алматы облысындағы «Алатау» (G4 City) интеграцияланған қаласын дамыту тұжырымдамасына сәйкес жоба төрт тақырыптық ауданнан тұратын болады: «Gate District» – іскерлік және қаржы орталығы; «Golden District» – білім беру және медициналық хаб; «Growing District» – инновациялық-индустриялық және сауда-логистикалық аймақтар; «Green District» – туристік кластер.
Сондай-ақ қазіргі уақытта Транскаспий халықаралық көлік маршрутының логистикалық дәлізін дамыту және Оңтүстік-Шығыс Азиямен өзара көлік байланысын жақсарту жөніндегі жұмыстар да белсенді жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар «PSA International» және оның еншілес компаниясы «Global DTC» сияқты компаниялармен бірлесіп жүзеге асырылады.
Жалпы, Қазақстан мен Сингапур арасындағы көлік, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың маңызы зор. Тараптар экономикалық ынтымақтастық жобалары мен өзара тиімді ынтымақтастық бағдарламаларын ілгерілету мәселелерін талқылауды жалғастырып келеді. Сонымен қатар еліміздің транзиттік әлеуетін кеңейтуге және өңдеу өнеркәсібі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құрылыс және қаржы салаларындағы қазақстандық-сингапурлық кәсіпорындардың жобаларын дамытуға айрықша назар аударылады.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Президент Тарман Шанмугаратнамның шақыруымен Сингапур Республикасына мемлекеттік сапармен баруы – екі ел арасындағы қарым-қатынасының жан-жақты дамып келе жатқанына айқын дәлел. Мұны сарапшылар да атап өтіп жатыр.
Сапар барысында Сингапурда екі елге ортақ үлкен бизнес-форум өткізу жоспарланған. Форум бағдарламасының аясында екі тараптың кәсіпкерлері бірқатар келісімшартқа қол қояды. Бұл құжаттар екі ел арасындағы сауда-саттық көлемін арттырып, экономикалық байланыстарды одан әрі нығайта түседі.
Қысқасы, Қазақстан үшін Сингапур Оңтүстік – Шығыс Азия нарығына жол ашатын, ал Сингапур үшін Қазақстан – Орталық Азия нарығына алып баратын бір-біріне тиімді елдер. Сондықтан да бұл кездесу тек екі мемлекет арасында ғана емес, жалпы екі аймақ арасындағы қарым-қатынасты, ынтымақтастықты одан әрі дамытпақ, оның ауқымын кеңейтуіне үлкен бір серпін бермек.
Ресми статистикаға сүйенсек, Қазақстанда сингапурлық капиталмен жұмыс істеп отырған 144 компания мен оның филиалдары мен өкілдіктері бар екен. Сарапшылардың айтуынша, Мемлекет басшысының бұл жолғы сапарының нәтижесінде бұл көрсеткіш көтеріліп, инвестициялық капитал көлемі арта түспек.