Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін ақпараттық-насихаттық тобының мүшесі, қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Ғани Есімов аудандық қоғамдық кеңесінің мүшелеріңмен кездесіп, Президент жолдауын талқылады.

Кездесу барысында ақпараттық-насихаттық тобының мүшесі, қоғамдық кеңестөрағасының орынбасары Ғани Есімов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдаған "ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ" атты Жолдауындағы жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, заң және тәртіп туралы басым бағыттарына кеңінен тоқталып өтті.

Мемлекет басшысының Жолдауы әрбір қазақстандыққа жүктелетін зор жауапкершілік. Алға қойған бағытымыздан таймай, Жаңа Қазақстанды бірге құруға атсалысуымыз керек. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Жолдауды халық асығыстықпен күтеді. Биылғы Жолдау еліміздің дамуының жаңа міндеттерін айқындап берді. Жолдау жүктеген маңызды міндеттердің ішінде халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыруға, ұлт сапасын арттыруға баса мән беру керектігі айтылды – деді қоғамдық кеңес мүшесі Тілеубек Бабасов.

Сонымен қатар қоғамдық кеңес мүшелері мемлекет басшысының Жолдауын толықтай қолдайтындарын жеткізіп, қоғамның барлық саласында жасалып жатқан жүйелі өзгерістердің қарқынын үдете түсетіндерін, жолдауға қатысты пікірлермен бөлісіп, ұсыныстарын айтты.
21 қазан 2022 ж. 1 010 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№56 (9323)

29 шілде 2025 ж.

№55 (9322)

28 шілде 2025 ж.

№54 (9321)

22 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031