Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Болат Сыздық және аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ғани Есімов аудан ардагерлерімен кездесіп, Президент жолдауын талқылады.

Кездесу барысында «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Болат Сыздық Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдаған "ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ" атты жолдауындағы жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, заң және тәртіп туралы басым бағыттарына кеңінен тоқталып өтті.

Сонымен қатар Шиелі ауданының ардагерлері Өмірзақ Исаханов, Қаблеш Бекішев, Сейілбек Аманжолов мемлекет басшысының жолдауын толықтай қолдайтындарын жеткізіп, қоғамның барлық саласында жасалып жатқан жүйелі өзгерістердің қарқынын үдете түсетіндерін, жолдауға қатысты пікірлермен бөлісіп, ұсыныстарын айтты.
26 қыркүйек 2022 ж. 924 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031