СЪЕЗД ДЕЛЕГАТЫ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін Партияның кезектен тыс ХХIV съезіне қатысқан делегаты, «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сыздық Болат Мүбаракұлы «Арман» мәдениет үйінде мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында Партияның кезектен тыс ХХIV съезі мен Халықтық коалиция форумының қорытындысы талқыланды.
Атқарушы хатшы Болат Сыздық саяси шарада «AMANAT» партиясы атынан Президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасы ұсынылып, оның делегаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапқандығын және жаңа Саяси тұғырнама бекітілгені жайында айтты.
Сонымен қатар Халықтық коалиция форумына қатысқан түрлі саяси партиялар мен азаматтық қоғам институттары өкілдері қазіргідей күрделі кезеңде Президент жанына бірігу мен оның жаңа бағытына қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Форум жұмысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы саяси шараның ел болашағы үшін маңызды қадам екенін айтты. Форумға қатысушыларға қолдаулары үшін ризашылығын білдірді. Президент сайлауына түсу өзі үшін зор мәртебе мен үлкен жауапкершілік екенін атай келе, бұған дейінгі ешбір партияға басымдық бермей, саяси тұрғыдан бейтарап болу қажеттігі туралы айтқан ұстанымының өзгермейтінін жеткізді – деді Болат Сыздық.
"Атамекен" бастауыш партия ұйымының төрайымы Нұргүл Шалекеева және мәдениет саласының қызметкерлері Мемлекет басшысымен бірге екендігін айтып, ой-пікірлерімен бөлісті.