Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХVІІ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХVІІ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ


Бүгін «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сыздық Болат Мүбаракұлының төрағалығымен аудандық филиалдың кезектен тыс ХХХVІІ конференциясы өткізілді.

Конференция жұмысына «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының Саяси кеңес мүшелері, аудандық маслихаттағы фракция мүшелері, Бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және хатшылары қатысты.

Жиында күн тәртібі бойынша екі мәселе қаралды. «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасының жобасын талқылау туралы және «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс XХІХ - конференциясына делегаттарды сайлау туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасының жобасын талқылау туралы «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалы Саяси кеңес бюросының мүшесі Бәкір Бекжан Талғатұлы хабарлама жасады. Ол «АМАНАТ» партиясының саяси тұғырнамасының негізгі тұстары Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам басты. Біздің алдымызда түбегейлі саяси, экономикалық реформаларды табысты іске асыру, демократиялық қағидаларға негізделген жаңа, Әділетті Қазақстанды құру міндеті тұр. Осындай тарихи, жауапты кезеңде, ортақ мүдде мен мақсат үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын уақыт келді. Себебі, мемлекеттің дербестігі, ұлттың азаттығы, қоғамның еркіндігі – ешқашан, еш нәрсеге айырбасталмайтын ұлы құндылық. Мұны еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін біліп, бағалауы тиіс. – деді.

Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс XХІХ – конференциясына Шиелі аудандық филиалынан 9 делегат сайланып, жиын делегаттары бірауыздан қолдады.

Атқарушы хатшы Болат Сыздық қатысушы делегаттарды «AMANAT» партиясы ел аманатын арқалай отырып, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың түбегейлі реформаларын қолдауға, Әділетті Қазақстан құру идеясының төңірегіне бірігуге, халық болып, ұлт болып ұйысуға шақырады.
Қатысушы делегаттар «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасының жобасына қатысты ұсыныстарын атты.
#AMANATaimak
29 қыркүйек 2022 ж. 1 167 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930