Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "AMANAT" партиясының Шиелі аудандық филиалы "Мәдениет үйі" бастауыш партия ұйымының кезекті жиыны өтті.

"AMANAT" партиясының Шиелі аудандық филиалы "Мәдениет үйі" бастауыш партия ұйымының кезекті жиыны өтті.

Жиын "Мәдениет үйі "бастауыш партия ұйымының төрайымы Каракеева Айжан Абдильдаевна және партия ұйымы мүшелерінің қатысуымен өтті.

Кездесуде партияның саяси тұғырнамасының жобасы талқыланды. Сонымен бірге тұғырнама жобасы әрбір адамның толықтай білім мен медициналық көмек алуы, жеке қауіпсіздігінің қорғалуы, әрбір азаматтың болашағы үшін кешенді жоба екенін айқын көрсетілді. Партия мүшелері өз ойлары мен ұсыныстарын білдіріп, маңызды құжат ел игілігіне қызмет ететіндігіне сенім білдірді. 
Жиын соңында күн тәртібіне сәйкес "Мәдениет үйі" партия филиалының кезектен тыс конференциясының делегаттары сайланды.
" AMANAT" партиясы - еліміздің барлық жаңару мен жаңғырудың ұйытқысы.

#AMANATaimak
28 қыркүйек 2022 ж. 924 0