РЕФЕРЕНДУМ БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ!
Бүгін жаппай еліміз үшін маңызды күн болды. Ауданымызда референдумға дайындық және ұйымдастыру жұмыстары тиісті деңгейде жүрді. Конституциямызда биліктің бастауы халық деп жазылған. Сондықтан жалпыхалықтық референдумның маңызы зор.
Елдің болашақ дамуына қатысты саяси өзгерістер референдумға шығарылып, халықтың таңдауына берілді. Өз кезегінде мемлекет басшысы референдумның ашық әрі заң аясында өтуіне қатысты тиісті тапсырмалар берді.
Осы орайда, жалпы Шиелі ауданында дауыс беру процесі жақсы және барлық талаптарға сай ұйымдастырылған. Құқық бұзушылық оқиғалар орын алған жоқ. Дауыс беруге келген азаматтарға барлық жағдай жасалды. Барлық дауыс беру учаскелеріндегі комиссия мүшелері барлығын ашық түсіндіріп, адамдардың өз таңдауын жасауы үшін барлық мүмкіндіктерді жасады.
Қазір біз өзіміздің құқығымызды пайдаланып, еліміздің болашағы үшін дауыс бере отырып, біз еліміздің болашағына өзіміз де жауапкершілікті сезініп отырмыз деп ойлаймын. Себебі бұл өзгеріс біздің болашағымызды айқындайды.
#Референдум2022
Сыздық Болат Мүбаракұлы – «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы.