Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық штаб мүшелері бестамдықтармен жүздесті

Қоғамдық штаб мүшелері бестамдықтармен жүздесті

Бүгін қоғамдық штаб мүшелері Бестам ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында 5 маусым күні өткізілгелі отырған жалпыхалықтық референдумдағы әр дауыс шешуші рөль атқаратынын түсіндірді. Халықтың үні мен сөзіне құлақ асар мүмкіндік бергелі отырған референдумның маңыздылығы жайлы айтты.

Өз кезегінде ауыл тұрғындары ел болашағы шешілер тарихи реформалардың орындалуы үшін референдумға қолдау көрсету әр қазақстандықтың азаматтық парызы екені жайлы ой бөлісіп, пікір алмасты.

Ауызбіршілігі жарасқан Бестам ауылы тұрғындары штаб жұмысына сәттілік тіледі.

#РЕФЕРЕНДУМ
#ЖАҢАҚАЗАҚСТАН
#ШИЕЛІАУДАНЫБЕСТАМАУЫЛЫ
28 мамыр 2022 ж. 910 0

Қоғам

Малы саудың жаны сау
11 қыркүйек 2026 ж. 10

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930