Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Нұриддин Әмитов: әр азаматың дауысы маңызды

Нұриддин Әмитов: әр азаматың дауысы маңызды

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы қоғамдық штаб мүшесі Нұриддин Әмитов медицина саласы өкілдерімен кездесіп, «Жаңа Қазақстан» құрудағы референдумның мән –маңызын түсіндірді.
Кездесуде штаб мүшесі науқан кезіндегі дауыс беру тәртібін түсіндіріп, референдумның – ел өмірін жаңа өзгерістерге бастайтын үлкен саяси реформа екенін атап айтты.


Жиынға қатысқан басқа да штаб мүшелері Ата Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар өскелең ұрпақтың болашағын айқындайтын мүмкіндік екенін айтып, енгілген өзгерістердің нақты баптары елдің арасындағы азаматтық қоғамды дамытуға, елдің билікке араласуына, елдің жағдайының жақсаруына бастау болатындығын тілге тиек етті.
«Жаңа Конституцияны қабылдау үшін еліміздегі әр азаматтың дауысы маңызды. Бүгін біз медицина саласының өкілдерімен кездесу барысында алдағы тарихи кезеңнің маңызы жайлы егжей-тегжейлі ой өрбіттік. Сондықтан, баршаңызды жарқын болашағымыз үшін 5-маусым күні өтетін референдумда дауыс беруге шақырамын»,- деді штаб мүшесі Н.Амитов.
Сала өкілдері кездесуде өздерін толғандырған сауалдарға жауап алып, мазмұнды ұсыныстарын білдірді.
26 мамыр 2022 ж. 189 0

Соңғы жаңалықтар

ШІРІК-РАБАТ ШАҺАРЫ

ШІРІК-РАБАТ ШАҺАРЫ

29 қыркүйек 2022 ж.
Сөз қадірі – өз қадірің

Сөз қадірі – өз қадірің

29 қыркүйек 2022 ж.

Қоғам

ШІРІК-РАБАТ ШАҺАРЫ
29 қыркүйек 2022 ж. 71

Сөз қадірі – өз қадірің

29 қыркүйек 2022 ж.

ҰСТАНЫМЫ МЫҚТЫ ҰСТАЗ

28 қыркүйек 2022 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (9034)

27 қыркүйек 2022 ж.

№76 (9033)

24 қыркүйек 2022 ж.

№75 (9032)

20 қыркүйек 2022 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам