Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Мүбараков Қамбарбек Амангелдіұлының құттықтауы

Аудан әкімі Мүбараков Қамбарбек Амангелдіұлының құттықтауы


Құрметті жерлестер!
Ардақты ағайын!
Баршаңызды бас қаламыз – Нұр-Сұлтан қаласының күнімен шын жүректен құттықтаймын.
1998 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың шешімімен Еуразия төрінде, Сарыарқаның төсінде заманауи Елорда бой көтерді. Бас қаланы Алматыдан Ақмолаға ауыс-тыру – бұл қазақ елінің тәуелсіз ел атанып, елдің даму жолы мен мемлекеттің қалыптасуын ойлап, болашағын баянды ету мақсатында қабылданған тарихи шешім болды.
Елбасымыздың осындай сарабдал саясатымен еліміздің даму жолындағы ерен еңбегі бағаланып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Елбасының төл туындысына айналған Астана Нұр-Сұлтан деп қайта аталды. Бұл шешім қазақ халқының ұлт көшбасшысына деген шексіз алғысы деп білемін.
Бүгінде құла даладан өркендеп, дамуға бет түзеген, Арқа төсінде сәні мен салтанаты жарасқан, сәулеті талайларды тамсандырған Елордамыз – Тәуелсіздігіміздің тірегіне, экономикамыздың жүрегіне, әлем елдері бас қосатын достық мекеніне айналды.
Нұр-Сұлтан қаласы еліміздің барлық өңірлері үшін дамудың ерекше үлгісін көрсетті. Елордаға қарап бой түзеген, біздің ауданымыз да жыл сайын өркендеп, экономиканың барлық салаларында даму көрсеткіштері сақталуда. Ең бастысы – аймақта тұрақтылық, түсіністік пен азаматтық, достық келісім бар. Бұл біздің басты жетістігіміз деп білемін.
Құрметті жерлестер!
Елбасының «Рухани жаңғыру» атты тарихи бағдарламасында көрсетілгендей, жаңғыру мен жаңа құндылықтарды қалыптастыруға ұмтылу – бәсекеге қабілетті Қазақстанның ең негізгі қағидаты.
Олай болса, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Астананың келбеті – ұлт келбеті» деген сөзі барша қазақстандықтардың Елордаға деген сүйіспеншілігін арттыра түсетіні ақиқат.
Баршаңызды тағы да бас қаламыздың мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Елорда күні мерекесі қарсаңында отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық, толағай табыстар тілеймін.
Туымыз тұғырлы, егемендігіміз еңселі, еліміз ғұмырлы болсын! Бас қаламыз гүлдене берсін!
04 шілде 2020 ж. 1 182 0