Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІР КЕЛТІРЕТІН ТӘРТІПТІК ТЕРІС ҚЫЛЫҚТАРЫ ҮШІН ТӘРТІПТІК ЖАЗАҒА ТАРТЫЛАДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІР КЕЛТІРЕТІН ТӘРТІПТІК ТЕРІС ҚЫЛЫҚТАРЫ ҮШІН ТӘРТІПТІК ЖАЗАҒА ТАРТЫЛАДЫ

Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары мен бөлім басшысыныңтәртіптік істері қаралды.
Нақтырақ айтқанда, облыстық прокуратураның ұсынысы негізінде қызметтік тергеп-тексеружүргізіліп,облыстық ішкі саясат басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастыру барысында бірқатар заңбұзушылықтарға жол берілгендігі анықталды.Яғни, облыстық ішкі саясат басқармасының конкурстық комиссиясы мүшелері конкурсқа қатысушы тараптың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына кедергі жасаған.
«Анықталғанзаңбұзушылықтар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралыЗаңының 50-бабының 1-тармағының 11-тармақшасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына ашық кедергі жасауы мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар болып танылады», - деді Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрман Талқанбаев.
Тәртіптік істерді қараған Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары мен бөлім басшысы мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін «мемлекеттік лауазымын төмендетуге», ал төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болмаған жағдайда «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаны қолданутуралы шешім қабылдады.

ҚР МҚІА Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің хатшылығы
01 маусым 2020 ж. 726 0