Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тengri Travel #мегабайқау жариялайды

Тengri Travel #мегабайқау жариялайды


Егер сіз авиа немесе теміржол билеттерін қалай арзанға алу жолдарын білсеңіз, ең керемет жағажай мен тау-шаңғы саяжайын іздеп жарты әлемді шарласаңыз, тауды жақсы көрсеңіз және талай шыңды бағындырып, Шарын каньоны немесе  елміздің өзге әсем аймақтарына жетудің ең ыңғайлы жолын білетін болсаңыз мына байқау сізге арналады.
Саяхаттауды жаныңыз сүйіп қана қоймай, қоржыныңыз қызықты оқиғалар мен лайфхактерге толы болса оны міндетті түрді оқырмандармен бөліскеніңіз абзал. Мына үш айдардың біріне мақала жазыңыз да бізге жіберіңіз: #МеніңОтаным (Қазақстан, оның көрнекі жерлері, қалалары мен табиғи саябақтары, демалатын орындар мен оларға жетудің жолдарын көрсететін мақалалар)   #ЖерЖаһан (атақты немесе аса танымал емес әлем қалалары, жолдар мен елдер. Өзіңіздің бірегей бағдарыңызды ұсынып, ақыл-кеңесіңізді білдіріңіз және ол жерге баруға тұрарлық себептерді көрсетіңіз). #Жолестеліктері (ең қызықты және пайдалы лайфхактер, қалай арзан және жиі саяхаттауға болады). Байқау шарттары: –  Жоғарыда көрсетілген тақырыптар аясында мақала жазу; – Әлеуметтік желідегі (Facebook, Instagram) парақшасына салу; – жазбаға мына хэштегтерді тіркеу #меніңтревелхикаям, #тенгритревелменсаяхат + аккаунттарды белгілеу; @tengritravel_kz (Instagram); @tengritravel.kz (Facebook); – Лүпіл белгілерін көбірек жинау; – Байқаудың өту уақыты: 04.03.2019 - 24.04.2019; – Байқаудың нәтижесі 25.04.2019 белгілі болады Назар аударыңыз! Лүпіл санын жасанды жолмен көбейтуге қатаң тыйым салынады. Сыйлықтар: – Жазба астында көп лүпіл жинаған қатысушы SCAT авиакомпаниясы атынан Қазақстанның кез келген қаласына екі адамдқ ұшу билетін алу мүмкіндігіне ие болады (авиабағытты таңдау қатысушының өз еркінде).  – Ерекше қызықты мақалаларға Tengritravel.kz. редакциясының атынан арнайы сыйлық (Tengri Travel редакциясының пікірі бойынша шешіледі) Ұсыныстар: – Мақалада маңызды және пайдалы ақпарат болу шарт (мысалы: билеттер, қонақ үлер, тамақтар, бағалар мен көрнекі жерлер, күтпеген жағдайлар мен олардың шешімі, жеке әсер мен ұсыныстар) – Мақала бірегей болуы тиіс. Өзге ресурстарда жарияланған (соның ішінде жеке блог) материалдарға сілтеме көрсетуге болмайды. – Мақаладағы белгі саны 2 мыңнан аз болмауы тиіс. Ең тиімдісі – 4-5 мың белгі. – Мақалаға жеке сурет қорыңыздан сурет жүктеу үлкен артықшылық болатыны сөзсіз. Құқықтық ережелер: Байқаудың ұйымдастырушысы www.tengritravel.kz интернет-ресурсының жеке меншік иесі – ТОО "Effective Media Liaison". 1. Қатысушы: Жыныс, нәсіл, ұлт, тіл, шығу тегі, меншігі мен мансабы, тұрғылықты жері, дінге көзқарасы мен қоғамдық ұйымдарға тіркелуіне тікелей тәуілсіз кез келген жеке тұлға. Төменде көрсетілген белгілер ғана ескеріледі: – Кәмелеттік жас; – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық азаматтық әлеуетке ие. 2. Байқау өткізу шарттарымен келісе отырып, қатысушы ұйымдастырушыға байқауда ұсынылған фотоматериал мен мәтіндерді толықтай не кей бөлігін тарату, көрсету мақсатында www.tengritravel.kz сайтында және әлеуметтік желідегі парақшаларда қолдануға шартсыз құқығын береді. 3. Қатысушы байқауда таратылатын фото/материал/мәтінге зияткерлік меншік құқығының (айрықша меншік құқығы және жеке мүліктік емес құқықтар)  барына кепіл береді. Қатысушы берілген мақаланың шынайы екендігіне және авторлық құқықтың тапталуына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікті өз мойнына алады. 4. Қатысушы үшінші жақтан авторлық құқыққа байланысты туатын кикілжің мен қиындықтарға байланысты шешімді өз қолына алып, ұйымдастырушыларға тағылатын айыпты өз жауапкершілігіне алуға міндетті. 

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/sayahatty-syemin/56713/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
09 сәуір 2019 ж. 604 0