Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бойжеткендерге қандай кәсіп түрі қолайлы?

Бойжеткендерге қандай кәсіп түрі қолайлы?


Кейде өзімізді тыныштандыру үшін белгілі бір іспен айналысу қажет болады. Ал сіз ондай жағдайда өз хоббиіңізді таба білсеңіз,  сіздің осы әуесқойлығыңыз табысыңыздың негізгі көзі бола алатындығы туралы ойланып көрдіңіз бе? Бүгін біз сіздерге қарапайым хоббиден қалай табыс табуға болатындығы туралы айтатын боламыз. Әрине, бұл үшін бар күш жігеріңізді салып, үнемі даму үстінде болу қажет. Егер сіз неден бастау керек екендігін білмесеңіз, келесі кеңеске көз қырыңызды сала отырыңыз. Блог жүргізу Алдымен, өзіңізге қызықты тақырып таңдап алып, қағаз бетіне түсіріңіз. Блог арқылы табыс табу үшін сіздің тақырыбыңыз қызықты, оқырмандарыңыз жеткілікті болу қажет. Бастапқыда, сізге блог арқылы табыс табу қиын болады. Өйткені, ол тек камера алдына шығып, бар білгеніңізбен бөлісу емес, оқырманға қызықты ақпарат таратып, оны өзіңізге тарту. Сондай-ақ, өз имиджіңіз бен стиліңізді құрыңыз. Әрине, өзіңізде қызықты әрі танымал блогерлердің блогын қарап, сабақ алғаныңыз жөн болады. Өзіңізді еліңізде болып жатқан жаңа жобаларға ұсыныңыз. Блогыңызға жарнамалар көптеп шығаруға және оқырмандарыңызға қызықты ойын түрлерін ұйымдастырып отырсаңыз артық болмайды. Тәттілер немесе тағам пісіру Қазіргі таңда бұл кәсіп түрімен көптеген қыз-келіншектер айналысады. Жылдық сәндегі түрлі тәттілер пісіру олар үшін үйреншікті жағдай. Егер сіз де осы іспен айналысар болсаңыз, жақсы табыс табасыз. Ең тәтті деген торттың арзан бағасы кем дегенде 5000 тг. Бұның өзі көп ақша емес. Осылайша, сіз өз кәсібіңізді дамыта аласыз. Мүмкін болашақта шағын дүкен ашып қаларсыз... Ал жасаған дүниеңіз өтімді болу үшін оны әлеуметтік желіге таратып оқырман жинаңыз. Сонымен қатар, видеоблог түсірсеңіз, оқырмандарыңыз сізге қызыға түседі. Сурет салу (комикс)  Егер сіз сурет салуды ұнатсаңыз, онда талантыңызды бос жатыспен алмастырмаңыз. Қазірден әдемі дүниелерді сызып шығаруға тырысыңыз. Біле білсеңіз, бүгінде көптеген табысты адамдардың басым көпшілігі суретшілер. Сурет салу үшін соның ішінде комикс салу бұл үлкен тәжірбиені талап етеді. Сондай-ақ, планшетіңізге сызудың бірнеше программасын сақтап қойыңыз. Комикстегі кейіпкеріңіздің бет жүзі аның шыққанын қаласаңыз, нағыз суретшілердің кеңесін тыңдағаныңыз жөн. Әр салған туындыңызды ғаламтор бетіне блог ретінде жазып көрсетіп шығаруыңызға болады. Киім тігу немесе тоқу Ертеде әжелеріміз әдемі етіп тоқып беретін малақайлар мен жемпірлер қайта сәнге айналды. Әрине, заманауи үлгіде. Егер сіз киім тоқымаңызды немесе түрлі дизайндағы киімдері тіккенді ұнатсаңыз, бүгіннен бастап сатылымға шығарсаңыз болады. Өйткені, ол бүгінде үлкен сұранысқа ие. Мүмкіндігінше қолжетімді бағада болуы қажет. Қыздар қауымы былай тұрсын, ер азаматтарда қолдан тоқылған жемпірлерге әуестеу келеді. Сол себепті, бұл кәсіпті ойланбастан бастап кетер болсаңыз, табысты боларыңыз сөзсіз. Әр жұмысыңызды әлеуметтік желіге міндетті түрде таратыңыз. Қолдан жасалған бұйымдар Білезік, алқа, сырға немесе шашқа арналған бұйымдар. Бұл қыздардың басты қаруларының бірі. Бүгінде кез-келген дүкенде біз жоғарыда атап өткен бұйымдар көптеп сатылады. Арасында сапасызы да баршылық. Сіз жылтырақ бұйымдарға әуес болсаңыз, осындай әдемі дүние жасап шығару қолыңыздан келсе, оны өзіңіздің кәсібіңізге айналдырыңыз. Өзіңіз ұнататын іспен шұғылданып, сол арқылы табыс тапсаңыз, бұл сіздің үлкен жетістігіңіз. Әлеуметтік желі немесе құрбыларыңыздың арасында оңай таратып, кейін көптеген тапсырыстарға ие бола алсыз. 

Massaget.kz
02 қаңтар 2019 ж. 2 046 0